АПТА КҮНДЕРІН ӨТКІЗУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМ
Өткізілген іс-шараларды білім беру ұйымының әлеуметтік желілеріне
#tarbie_astana2024 хэштегін қойып жариялау қажет!
№ |
Іс-шараның атауы |
Апта күні |
Өткізу түрі |
Мазмұны бойынша ұсынымдар |
Күтілетін нәтижелер |
Жауаптылар |
КҮНДЕЛІКТІ АТҚАРЫЛАТЫН ІС-ШАРАЛАР |
||||||
1 |
«КҮЙ КҮМБІРІ» |
күнделікті |
қоңырау кезінде күй ойнату |
— «100 күй» жобасы аясында әр аптада 2 күйді қоңырау кезінде ойнату; — шығу тарихымен таныстыру. |
Отаншыл, мемлекетшіл, ұлттық мәдениетті және мұраны қастерлейді, салт-дәстүрді біледі, оны сақтайды. |
музыка пәні мұғалімдері, вожатый, мәдениет фракциясы |
2 |
«8 МИНУТТЫҚ ОҚУ» |
күнделікті |
бірінші сабақ басталғанға дейін 8 минут кітап оқу |
— «Балалар кітапханасы» жобасы аясында күнделікті 8 минуттық көркем әдебиет оқу; — RedX өткізу, «Буккросинг» ұйымдастыру. |
кітап оқуға деген қызығушылығы артады, танымдық көзқарасы кеңейеді, ой-өрісі, әдеби сөйлеу есте сақтау қабілеті дамиды, сөздік қоры артады |
Мектеп ұжымы, оқушылар, кітапханашы, кіші қызметкерлер |
3 |
«ҮНЕМДІ ТҰТЫНУ» |
күнделікті |
жадынамалар, нұсқаулықтар, парақшалар |
— «Қамқор» жобасы аясында табиғи ресурстарды үнемді тұтынуды және іс-әрекет барысында табиғи ресурстарға (су, энергия және т.б.) ұқыпты қарауды қалыптастыру. |
табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарайды, табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолданады |
физика, биология, химия, география пән мұғалімдері, сынып жетекшілер, жобаға қатысатын оқушылар |
4 |
«ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ» |
күнделікті |
үзіліс кезінде |
— білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б. |
ұлттық мұраны құрметтейді, салауатты өмір салтын ұстанады |
дене шынықтыру мұғалімдері, сынып жетекшілер, вожатыйлар, өзін-өзі басқару ұйымы |
5 |
«ӨНЕГЕЛІ 15 МИНУТ» |
Күнделікті |
баламен ата-ананың күнделікті қарым-қатынасы |
— ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі; — «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары» мамандарының ата-аналарға баламен байланыс орнатуы бойынша кеңес беруі; — сынып жетекшілері ата-ана мен бала арасында үйде талқылайтын арнайы тақырыптар беріп отырады, сондай-ақ міндетті түрде кері байланыс алады. |
ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді, ата-ананың өсиетін тыңдайды, адамгершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қасиеттері қалыптасады |
ата-аналар, мектеп психологтары, сынып жетекшілері |
АПТАНЫҢ КҮНДЕРІ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛЕТІН ІС-ШАРАЛАР |
||||||
1 |
«ӘДЕП» КҮНІ |
Дүйсенбі
|
сынып сағаты, кездесулер, тренинг, байқау, әңгімелесулер, сыныптан тыс іс-шаралар
|
— сәлемдесу және өзара дұрыс қарым-қатынас құру мәдениетін қалыптастыру (оқушы-мұғалім, мұғалім-ата-ана, әкімшілік-педагогтер арасындағы коммуникативтік мәдениеттілікті сақтау); — қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру (түсіндіру жұмыстарын жүргізу); — «Әдепті бала», «Әдепті сынып» — байқауын өткізу. |
жақсылыққа, игілікке бой түзейді, жауапкершілікті алады, өзгелерді сыйлайды, мейірімді болады, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстайды, мәдениеттілік қасиеттері қалыптасады |
мектеп ұжымы, кіші қызметкерлер, оқушылар, ата-аналар |
2 |
«ДЕНСАУЛЫҚ» КҮНІ |
Сейсенбі |
сабақтың алдында, үзіліс кезінде сергіту жаттығуларын жасау, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттердің (нашақорлық, құмар ойындар, темекі) алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу (көрнекіліктер, арнайы видео материалдар) |
— мектеп басшысынан бастап барлық мектеп қызметкерлері мен оқушылар жалпы мектепішілік сергіту жаттығуларын жасау; — дұрыс тамақтану және жаман әдеттердің алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізу; — денсаулықты сақтау тақырыбында көріністер қою. |
денсаулықты қадірлейді, салауатты өмір салтын ұстанады, ойдың тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану ережелерін ұстанады, жаман әдеттерден аулақ болады |
мектеп ұжымы, медбике, кіші қызметкерлер, оқушылар, қосымша білім беру педагогтері, музыка пәні мұғалімдері |
3 |
«КӘСІБИ БАҒДАР» КҮНІ |
Сәрсенбі
|
кездесулер, әңгімелесу, шығармашылық кеш, баспасөз-конференциясы, Q-Talks |
— «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында өз ісінің шебері, атақты тұлғалармен, профессорлар, жазушылар, мәдениет қайраткерлері, спортшылар, кәсіпкерлер, түрлі сала мамандары және ата-аналармен кездесулер ұйымдастыру. |
өзбетінше мақсат қоя біледі, табысқа жету үшін білім мен өздігінен білім алудың маңыздылығын түсінеді, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады,тайм-менеджмент дағдыларын игереді, ой-өрісті және мәдени тәжірибені кеңейтеді, өзгерістерге позитивті көзқарасы қалыптасады |
директордың бейіндік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, педагог-ұйымдастырушы, тарих пәні мұғалімдері |
4 |
«ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ» КҮНІ |
Бейсенбі |
білім алушыларды мектепішілік, сыныптағы тазалық жұмыстарына араластыру, өз-өздеріне қызмет көрсету, |
— сыныптың, мектептің және ауласының тазалық жұмысына араластыру; — кіші қызметкерлерге көмектесу; — киімін ұқыпты ұстау, бойын таза ұстау қасиеттерін қалыптастыру; — «Ең таза сынып», «Ең ұқыпты оқушы», «Белсенді сынып», және т.с.с іс-шараларды ұйымдастырып өткізу. |
жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады, Мектепті, сыныпты таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашырлық танытады және адал еңбекті бағалайды |
мектеп ұжымы, кіші қызметкерлер, оқушылар |
5 |
«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» КҮНІ |
Жұма
|
сабақтар, сынып сағаттары, челлендждер, байқаулар, кездесулер, ұлттық нақыштағы киім кию, тарих, тілді меңгеруге қатысты викториналар, жұма күні тек қазақ тілінде сөйлеу, мақал-мәтел, жаңылтпаш сайыстары, театрландырылған қойлымдар, халық әндері мен билерін орындау, қолөнер бұйымдарын әзірлеу |
— ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді дәріптеу, тәуелсіздіктің маңыздылығын, ел тарихын насихаттау; — қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталған түрлі іс-шаралар; — киімдеріне ұлттық нақышты, ұлттық стиль элементтерін үйлестіру; — қазақ ұлттық билерін билеу, қазақ ұлттық музыкалық аспаптарында ойнау; — қолөнер бұйымдарын әзірлеу және көрмелер ұйымдастыру; — үзілісте ұлттық ойындар ойнау. |
тарихын және тілін біледі, құрметтейді, ұлттық мәдениетті қастерлейді, салт-дәстүрді біледі және ұстанады. |
мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар, кіші қызметкерлер |