АПТА КҮНДЕРІН ӨТКІЗУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМ

0

 

Өткізілген іс-шараларды білім беру ұйымының әлеуметтік желілеріне

#tarbie_astana2024 хэштегін қойып жариялау қажет!

 

Іс-шараның атауы Апта күні Өткізу түрі Мазмұны бойынша ұсынымдар Күтілетін нәтижелер Жауаптылар
КҮНДЕЛІКТІ АТҚАРЫЛАТЫН ІС-ШАРАЛАР
1 «КҮЙ КҮМБІРІ» күнделікті қоңырау кезінде күй ойнату — «100 күй» жобасы аясында әр аптада 2 күйді қоңырау кезінде ойнату;

— шығу тарихымен таныстыру.

Отаншыл, мемлекетшіл, ұлттық мәдениетті және мұраны қастерлейді, салт-дәстүрді біледі, оны сақтайды. музыка пәні мұғалімдері, вожатый, мәдениет фракциясы
2 «8 МИНУТТЫҚ ОҚУ» күнделікті бірінші сабақ басталғанға дейін 8 минут кітап оқу — «Балалар кітапханасы» жобасы аясында күнделікті 8 минуттық көркем әдебиет оқу;

— RedX өткізу, «Буккросинг» ұйымдастыру.

кітап оқуға деген қызығушылығы артады, танымдық көзқарасы кеңейеді, ой-өрісі, әдеби сөйлеу есте сақтау қабілеті дамиды, сөздік қоры артады Мектеп ұжымы, оқушылар, кітапханашы, кіші қызметкерлер
3 «ҮНЕМДІ ТҰТЫНУ» күнделікті жадынамалар, нұсқаулықтар, парақшалар — «Қамқор» жобасы аясында табиғи ресурстарды үнемді тұтынуды және іс-әрекет барысында табиғи ресурстарға (су, энергия және т.б.) ұқыпты қарауды қалыптастыру. табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарайды, табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолданады физика, биология, химия, география пән мұғалімдері, сынып жетекшілер, жобаға қатысатын оқушылар
4 «ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ» күнделікті үзіліс кезінде — білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б. ұлттық мұраны құрметтейді, салауатты өмір салтын ұстанады дене шынықтыру мұғалімдері, сынып жетекшілер, вожатыйлар, өзін-өзі басқару ұйымы
5 «ӨНЕГЕЛІ 15 МИНУТ» Күнделікті баламен ата-ананың күнделікті қарым-қатынасы — ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі;

— «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары» мамандарының ата-аналарға баламен байланыс орнатуы бойынша кеңес беруі;

— сынып жетекшілері ата-ана мен бала арасында үйде талқылайтын арнайы тақырыптар беріп отырады, сондай-ақ міндетті түрде кері байланыс алады.

ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді, ата-ананың өсиетін тыңдайды, адамгершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қасиеттері қалыптасады ата-аналар, мектеп психологтары, сынып жетекшілері
АПТАНЫҢ КҮНДЕРІ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛЕТІН ІС-ШАРАЛАР
1 «ӘДЕП» КҮНІ Дүйсенбі

 

сынып сағаты, кездесулер, тренинг, байқау, әңгімелесулер,

сыныптан тыс іс-шаралар

 

— сәлемдесу және өзара дұрыс қарым-қатынас құру мәдениетін қалыптастыру (оқушы-мұғалім, мұғалім-ата-ана, әкімшілік-педагогтер арасындағы коммуникативтік мәдениеттілікті сақтау);

— қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру (түсіндіру жұмыстарын жүргізу);

— «Әдепті бала», «Әдепті сынып» — байқауын өткізу.

жақсылыққа, игілікке бой түзейді, жауапкершілікті алады, өзгелерді сыйлайды,  мейірімді болады,  қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстайды, мәдениеттілік қасиеттері қалыптасады мектеп ұжымы, кіші қызметкерлер, оқушылар, ата-аналар
2 «ДЕНСАУЛЫҚ» КҮНІ Сейсенбі сабақтың алдында, үзіліс кезінде сергіту жаттығуларын жасау, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттердің  (нашақорлық, құмар ойындар, темекі) алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу (көрнекіліктер, арнайы видео материалдар) — мектеп басшысынан бастап барлық мектеп қызметкерлері мен оқушылар жалпы мектепішілік сергіту жаттығуларын жасау;

— дұрыс тамақтану және жаман әдеттердің алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

— денсаулықты сақтау тақырыбында көріністер қою.

денсаулықты қадірлейді, салауатты өмір салтын ұстанады, ойдың тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану ережелерін ұстанады, жаман әдеттерден аулақ болады мектеп ұжымы, медбике, кіші қызметкерлер, оқушылар, қосымша білім беру педагогтері, музыка пәні мұғалімдері
3 «КӘСІБИ БАҒДАР» КҮНІ Сәрсенбі

 

кездесулер, әңгімелесу, шығармашылық кеш,

баспасөз-конференциясы, Q-Talks

— «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында өз ісінің шебері, атақты тұлғалармен, профессорлар, жазушылар,  мәдениет қайраткерлері, спортшылар,  кәсіпкерлер, түрлі сала мамандары және ата-аналармен кездесулер ұйымдастыру. өзбетінше мақсат қоя біледі,  табысқа жету үшін білім мен өздігінен білім алудың маңыздылығын түсінеді, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады,тайм-менеджмент дағдыларын игереді, ой-өрісті және мәдени тәжірибені кеңейтеді,  өзгерістерге позитивті көзқарасы қалыптасады директордың бейіндік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, педагог-ұйымдастырушы, тарих пәні мұғалімдері
4 «ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ» КҮНІ Бейсенбі білім алушыларды мектепішілік, сыныптағы тазалық жұмыстарына араластыру, өз-өздеріне қызмет көрсету, — сыныптың, мектептің және ауласының тазалық жұмысына араластыру;

— кіші қызметкерлерге көмектесу;

— киімін ұқыпты ұстау, бойын таза ұстау қасиеттерін қалыптастыру;   — «Ең таза сынып», «Ең ұқыпты оқушы», «Белсенді сынып», және т.с.с іс-шараларды ұйымдастырып өткізу.

жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады, Мектепті, сыныпты таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашырлық танытады және адал еңбекті бағалайды мектеп ұжымы, кіші қызметкерлер, оқушылар
5  «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» КҮНІ Жұма

 

сабақтар, сынып сағаттары, челлендждер, байқаулар, кездесулер, ұлттық нақыштағы киім кию, тарих, тілді меңгеруге қатысты викториналар, жұма күні тек қазақ тілінде сөйлеу, мақал-мәтел, жаңылтпаш сайыстары, театрландырылған қойлымдар, халық әндері мен билерін орындау, қолөнер бұйымдарын әзірлеу — ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді дәріптеу, тәуелсіздіктің маңыздылығын, ел тарихын насихаттау;

— қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталған түрлі іс-шаралар;

— киімдеріне ұлттық нақышты, ұлттық стиль элементтерін үйлестіру;        — қазақ ұлттық билерін билеу, қазақ ұлттық музыкалық аспаптарында ойнау;

— қолөнер бұйымдарын әзірлеу және көрмелер ұйымдастыру;

— үзілісте ұлттық ойындар ойнау.

тарихын және тілін біледі, құрметтейді, ұлттық мәдениетті қастерлейді, салт-дәстүрді біледі және ұстанады. мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар, кіші қызметкерлер

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *