- Кешкі мектепке қабылданады:
1) қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімі бойынша өмірлік қиын жағдайда жүрген 15 жастан кіші емес білім алушылар;
2) 18 жасқа толған негізгі және жалпы орта білімі жоқ азаматтар.
Ескерту. 137-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.03.2025 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Кешкі мектепке қабылдау келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
1) ата-аналарының (заңды өкілдерінің, 18 жасқа толмаған адамдар үшін) өтініштері, жеке өтініші (18 жасқа толған адамдар үшін);
2) қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімдері (18 жасқа толмаған адамдар үшін);
3) негізгі орта білім туралы аттестат (бар болса);
4) оқудың соңғы жылындағы үлгерім табелі;
5) білім беру ұйымының академиялық анықтамасы (осы оқу орнында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша сағаттар мен бағалар санын міндетті түрде көрсете отырып);
6) жеке басын куәландыратын құжат немесе туу туралы куәлік;
7) жұмыс орнынан анықтама (жұмыс істейтіндер үшін тоқсанына 1 (бір) рет мерзімді түрде ұсынылады);
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай – ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген-075/у нысанындағы медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық ҚР ДСМ-175/2020);
9) тұрғылықты жерінен мекенжай мәліметтерін ұсыну.
Ескерту. 138-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.03.2025 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Кешкі мектептегі білім алушылар контингенті жылына екі рет анықталады: әрбір жартыжылдық басында.
- Кешкі мектеп білім беру процесін екі сатылы жалпы білім беру бағдарламаларының деңгейлеріне сәйкес жүзеге асырады:
1) II саты – негізгі орта білім (меңгеру мерзімі: 3 жыл: 7, 8, 9 (10) сыныптар).
2) III саты – жалпы орта білім (меңгеру мерзімі: 2 жыл: 10, 11 (12) сыныптар).
ХАБАРЛАНДЫРУ
«№39 кешкі (ауысымды) мектеп» КММ 2023-2024 оқу жылына оқушыларды қазақ және орыс тілінде оқытатын 8, 9, 10 және 11 сыныптарға қабылдайтынын хабарлайды.
1. Күндізгі бөлімге 15 жастан 18 жас аралығында қабылданады (8-11 сыныптар);
2. 18 жастан асқан сырттай бөлімге тағайындау (9-11 сыныптар);
3. Оқытудың жеке түріне – 14 жастан бастап (1-11 сыныптар).
Қабылдау комиссиясы 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді (сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа)
Қажетті құжаттар тізімі:
1.Ата-анасының бірінің немесе оның заңды өкілінің өтініші (18 жасқа дейінгі оқушылар үшін)
2. Туу туралы куәлік немесе жеке куәлік (к/көшірме + ЖСН, егер куәлікте көрсетілмесе).
3. Үлгерім табелі (оқудың соңғы жылы үшін)
4. Негізгі мектепті бітіргені туралы Аттестат (куәлік) (к / 10-11 сынып оқушыларына арналған көшірме және түпнұсқа)
5. Флюрографияның суреті
6. Фотосурет ¾ — 2 дана
7. Соңғы оқу орнынан мінездеме (соңғы оқу жылына)
8. ДКК қорытындысы (мүгедек оқушылар үшін)
9. Собестен анықтама (аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушылар үшін).
10. Жұмыс орнынан анықтама (жұмыс істейтін оқушылар үшін).
(Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар, олардың мәртебесін айқындайтын мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
1) шетелдік-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат қағазы;
2) азаматтығы жоқ адам — азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
3) босқын — босқын куәлігі;
4) пана іздеген адам- пана іздеген адамның куәлігі;
5) қандастар — куәлік).
P. S. Кәмелетке толмаған оқушылар (18 жасқа дейін) ата-анасының біреуінің қатысуы және өзімен бірге оқыған мектептен баланың «шығуы туралы» талоны болуы қажет.
Біздің мекен-жайымыз: А.Молдағұлова көшесі, 22 (бұрынғы 9 мамыр), Жеңіс және А. Молдағұлова көшелерінің қиылысында («А. Молдағұлова» немесе «Аграрлық университет»көшелерінің аялдамасы).
тел. 50-18-14 (қабылдау бөлмесі) 8 700-150-18-14
Жүретін автобустар тізімі: №№ 5, 12,14, 19, 20, 21, 25, 31, 40,71,72.