Жеке оқыту

Жеке оқытудың нысаны

 

Отандық білім беруді жаңғырту, орта білім берудің ұлттық моделін құру, білім беру парадигмасын іскерлікке айналдыру, мектеп білімінің мазмұнын түбегейлі өзгерту және жаңарту, бірінші кезекте, сапалы білім алуда барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктер беруге және қоғамда табысты әлеуметтендіру қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Алайда қазіргі уақытқа дейін білім беру процесінен тыс әртүрлі себептермен қалған азаматтар санаты бар.

Мұндай адамдарды оқуға тарту, біздің мемлекет азаматтарының жалпы білім беру деңгейін арттыру мақсатында елімізде негізгі контингенті 15 жастан бастап жұмыс істейтін ересек адамдар мен жасөспірімдер болып табылатын, күрделі жағдайға тап болған, осыған байланысты күндізгі жалпы білім беретін мектептерде білім алмаған кешкі мектептер жұмыс істейді.

Жаңартылған білім беру мазмұнының үлгілік оқу жоспары бойынша білім алушыларды сыныптан сыныпқа ауыстыру БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Оқытудың барлық түрлері бір оқу орнының шегінде жүзеге асырылуы мүмкін. Оқытудың жеке нысаны ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 18 қазанда № 8827 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (жаңартылған мазмұны) бойынша. Сырттай оқытудың жеке топтары толымдығымен ашылады (ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына сәйкес 1-ден 8 адамға дейін (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 18 қазанда № 8827 болып тіркелген).

Білім беру үдерісінде оқытудың жеке нысанын енгізу және пайдалану «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 08.11.2012 жылғы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ҚР БҒМ №441 бҧйрығына сәйкес жҥзеге асырылады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бҧйрығымен бекітілген оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына және жергілікті нормативтік актілер шеңберінде – білім беру 285 ұйымы ішінде, сондай-ақ өңірлік нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

Сабақ кестеге сәйкес аптасына 4 күн өткізіледі.

Жеке топ