Мектепке қабылдау

ХАБАРЛАНДЫРУ

«№39 кешкі (ауысымды) мектеп» КММ 2023-2024 оқу жылына оқушыларды қазақ және орыс тілінде оқытатын 8, 9, 10 және 11 сыныптарға қабылдайтынын хабарлайды.

1. Күндізгі бөлімге 15 жастан 18 жас аралығында қабылданады (8-11 сыныптар);
2. 18 жастан асқан сырттай бөлімге тағайындау (9-11 сыныптар);
3. Оқытудың жеке түріне – 14 жастан бастап (1-11 сыныптар).

Қабылдау комиссиясы 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді (сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа)

Қажетті құжаттар тізімі:
1.Ата-анасының бірінің немесе оның заңды өкілінің өтініші (18 жасқа дейінгі оқушылар үшін)
2. Туу туралы куәлік немесе жеке куәлік (к/көшірме + ЖСН, егер куәлікте көрсетілмесе).
3. Үлгерім табелі (оқудың соңғы жылы үшін)
4. Негізгі мектепті бітіргені туралы Аттестат (куәлік) (к / 10-11 сынып оқушыларына арналған көшірме және түпнұсқа)
5. Флюрографияның суреті
6. Фотосурет ¾ — 2 дана
7. Соңғы оқу орнынан мінездеме (соңғы оқу жылына)
8. ДКК қорытындысы (мүгедек оқушылар үшін)
9. Собестен анықтама (аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушылар үшін).
10. Жұмыс орнынан анықтама (жұмыс істейтін оқушылар үшін).

(Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар, олардың мәртебесін айқындайтын мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
1) шетелдік-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат қағазы;
2) азаматтығы жоқ адам — азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
3) босқын — босқын куәлігі;
4) пана іздеген адам- пана іздеген адамның куәлігі;
5) қандастар — куәлік).

P. S. Кәмелетке толмаған оқушылар (18 жасқа дейін) ата-анасының біреуінің қатысуы және өзімен бірге оқыған мектептен баланың «шығуы туралы» талоны болуы қажет.

Біздің мекен-жайымыз: А.Молдағұлова көшесі, 22 (бұрынғы 9 мамыр), Жеңіс және А. Молдағұлова көшелерінің қиылысында («А. Молдағұлова» немесе «Аграрлық университет»көшелерінің аялдамасы).
тел. 50-18-14 (қабылдау бөлмесі) 8 700-150-18-14
Жүретін автобустар тізімі: №№ 5, 12,14, 19, 20, 21, 25, 31, 40,71,72.