Экстернат оқу түрі

Экстернат нысанында оқытудың ерекшеліктері

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген экстернат нысанында оқыту қағидалары «Экстернат нысанында оқыту және Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы       №        61        бұйрығымен        бекітілген        (2020        жылғы 29 мамырдағы № 225 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).

Экстернат нысанында оқыту қағидалары негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту тәртібін айқындайды:

  1. Экстернат нысанында оқытуды әрбір жалпы білім беретін мектепте жеке ұйымдастыру ұсынылады.
  2. Ережелерде көрсетілген санаттарға сәйкес мектепке экстерн қабылдау ұсынылады. Қандай да бір шектеулердің жоқтығына қарамастан, барлық білім алушылар экстернат арқылы білім ала алмайды. Бірінші кезекте бұл оқытудың осы түрінің ерекшелігіне байланысты.

Кешкі мектеп 18 жасқа толған, ҚР аумағында тұратын, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін, бірақ қандай да бір себептермен орта білім алмаған және күндізгі, сырттай, жеке, қашықтықтан оқыту нысандары бойынша оқуға мүмкіндігі жоқ адамдарды экстернат нысанында оқыту үшін шешімді дербес қабылдайды.

Экстернат формасындағы оқытуды ұйымдастыру бойынша