Мектеп формасы

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар

Мектеп формасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға» және мектеп Жарғысына сәйкес болуға тиіс:

—   мектеп формасы классикалық, ұқыпты киім үлгісі;

— мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды;

— медициналық мекеменің анықтамасы және емдеуші дәрігердің ұсынысы болған жағдайда мектепке бас киіммен келуге рұқсат етіледі.