Мектеп миссиясы
Оқыту нысандарының (күндізгі, кешкі, сырттай, жеке оқыту, экстернат) икемді кестесін ұсыну арқылы, әр-түрлі жастағы адамдарға білім беру қызметін алу, сонымен қатар, мектеп-колледж жобасы арқылы оқушылардың жеке және кәсіби өзін-өзі анықтау мүмкіндігін қамтамасыз ету. Нәтижесі – өзін-өзі анықтауға дайын табысты түлек.
Мектеп туралы
2000 жылдың 14.03 № 31-248 бойынша Астана қаласы арнайы экономикалық аймағы Әкімшілік кеңесінің шешімімен «№ 1 кешкі мектеп»КМҚК «№ 39 кешкі (ауысымды) мектеп» КММ болып қайта құрылды.
2008 жылдың 02 қыркүйегінде № 22-1024 п бойынша Астана қаласы Әкімшілігінің Жарлығымен Астана қаласы Білім басқармасының «№ 39 кешкі (ауысымды) мектеп» ММ болып өзгертілді.
Қазіргі уақытта «№ 39 кешкі (ауысымды) мектеп» КММ – бұл өзінің ерекшелігімен, қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектеп.
Мектеп әкімшілігі және педагогикалық ұжым өзінің жұмысында келесіні басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының Конститутциясы.
- ҚР «Білім туралы» заңын.
- ҚР Еңбек кодексі.
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Үкіметінің жарлықтарын, нормативтік-құқытық актілерді, басқа да заңдар мен қаулыларды.
Ø Орта білім беру ұйымдары туралы типтік ережелерді .
- Мектеп жарғысын.
- Типтік оқу жоспарын (№441 бұйрық 04.09.2018 ж.).
Кешкі мектептердегі білім беру процесі, барлық азаматтар үшін сапалы білім алуға тең мүмкіндіктер беруге және қоғамда табысты әлеуметтену қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
Кешкі мектептер қызметінің үлгілік қағидалары «Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген.
Кешкі мектепте және күндізгі жалпы білім беретін мектептер жанында оқыту күндізгі, кешкі, сырттай, жеке оқу түрі, қашықтан оқыту (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары), экстернат нысандары бойынша жүзеге асырылады.
Кешкі мектептердегі білім беру үдерісі білім беру деңгейіне:
- негізгі орта білім (игеру мерзімі-3 жыл: 7, 8, 9 сыныптар);
- жалпы орта білім беру (игеру мерзімі — 2 жыл: 10, 11 (12) сыныптар) бойынша жүзеге асырылады.
Оқу процесі «ҚР Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бекітілген кешкі мектепке арналған Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.