Мектебімізде 1 тамыздан — 30 қыркүйек аралығында “Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу жұмыстарын жүргізу.
Акциясы аясында мектептің әлеуметтік санаттағы, көмекке мұқтаж отбасындағы балаларға “Жалпыға міндетті оқу қоры” қаржысынан және демеушілердің көмегі ұйымдастырылды.
“Мектепке жол” акция аясында белгісіз себептермен мектепке келмейтін оқушылардың мекенжайларын аралап, себебі анықталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жыл сайын өткізілітін қайрымдылық акция аясында жақсылық жасауға асығайық!