Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тақырыбында дәріс

26 қаңтар ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің өкілі, подполковник Туғанбек Қ.Қ. оқушыларға дәріс өткізді. Іс-шараның мақсаты — оқушыларға есірткі заттарының адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашағына тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпарат беру, есірткі қылмысының алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.