Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу

2026 жылғы 13 ақпанда мектебіміздің оқушыларына құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге қатысқан қонақтар Астана қаласы әкімдігінің Балаларға қосымша білім беру орталығының әліскері Амирханова А.А., ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Сагимжанов Д.М., Сарыарқа аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Аркабаева Ф.Б., Сарыарқа ауданы Полиция басқармасының Ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Хамитова А.Қ. профилактикалық дәрс өткізді. Кездесу барысында заңды құрметтеу, жеке жауапкершілік, буллинг пен кибербуллингтің салдары және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары түсіндірілді.