17 ақпан 2026 жыл Жаңа Конституция – халық сенімінің негізі

Ел тарихында жаңа бетбұрыс – Конституцияның жаңа жобасы бүгін, 12 ақпанда, халық назарына ұсынылды. Бұл құжат республикалық референдумда қаралатын маңызды бастама болып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, биліктің есептілігі мен ашықтығын күшейтуге, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар отбасы құндылықтары мен кәсіпкерлікті қолдау мәселелері де қамтылған.

17 ақпан 2026 жыл

 1. Жаңа Конституция жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылған. Әрбір азаматқа ар-ождан және дін бостандығы кепілдендіріледі.

2. Табиғатқа ұқыпты қарау азаматтардың міндеті ретінде бекітіледі. Экологиялық нормалар конституциялық мәртебе алады.

3. Конституция заманауи цифрлық шындықтарды ескереді. Жеке деректер мен электрондық коммуникацияларды қорғау күшейтіледі.

4. Адам және оның әлеуеті елдің басты ресурсы ретінде танылады. Мемлекет білім беру мен кәсіби дамуды қолдайды.

5. Жауапты патриотизм мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалады. Ол еңбекқорлықпен және заңға құрметпен байланыстырылады.

6. Білім, ғылым және мәдениет прогрестің қозғаушы күштері ретінде танылады. Мемлекет инновациялар мен шығармашылық бастамаларды қолдайды.

7. Жеке және отбасылық өмірдің қол сұғылмауына берілетін кепілдіктер күшейтілген. Мемлекеттік органдардың жеке деректерге қол жеткізуі шектеледі.

8. Азаматтар референдум арқылы Конституцияға өзгерістер енгізуге қатысу құқығына ие болады. Бұл тетік конституциялық деңгейде бекітілген.

9. Неке ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде айқындалады. Отбасылық қатынастарда ерлі-зайыптылардың тең құқықтылығы атап көрсетіледі.

10. Конституция ел дамуының стратегиялық бағдарларын айқындайды. Құжат заманауи сын-қатерлер мен болашақ мүмкіндіктерді ескереді.