Соңғы аялдама
27 ақпан Астана қаласы “Жастар театры” ұсынған “Соңғы аялдама” қойылымынан үзінді кадрлар.
Заң және тәртіп аясында болған бұл шара оқушыларға үлкен ой салды. Шара мақсаты: оқушыларға есірткінің адам денсаулығына, психикасына және болашағына тигізетін зиянын көркем қойылым арқылы түсіндіру, заң алдындағы жауапкершілікті ұғындыру және салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау. Сонымен қатар, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, теріс әдеттерден аулақ болуға, дұрыс таңдау жасауға және өз өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
