Бос лауазымға конкурс өткізілді
15.09.2023 жылы вакантты бос лауазымға конкурс өткізілді. Конкурстық комиссия отырысында кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеу жүзеге асырылды. Максималды балл – 83 балл. Конкурс қорытындылары бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балл негізінде қабылданды. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардың құжаттарын Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген тізім бойынша ұсынылған құжаттар негізінде зерделенді. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардың бағалау парағында көрсетілген баллдарын есептеп, жоғарғы балл жинаған педагог конкурстан өтті. Химия пәнінің мұғалімі ваканттық бос орынға 1 педагог құжат тапсырды. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттың бағалау парағында көрсетілген баллдарын есептеп, Халам Амангуль жоғарғы балл жинап конкурстан өтті деп есептелінді.