1 қыркүйек — Білім күні

1 қыркүйек — Білім күні мектебімізде барлық сыныптарда «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Конституция күніне» орай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты — еліміздің өткен тарихын дәріптей отырып, жас ұрпақты Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Қазіргі Қазақстан шежіресі 1991 жылдың 16 желтоқсанынан басталады. Бұл күні Қазақстан өзін тәуелсіз егемен мемлекет деп жариялады. Өз тәуелсіздігін ала отырып, Қазақстан өз тарихында жаңа кезең ашты: күшейіп, өз дамуында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Қазақстан дамудың жаңа жолына түсіп, халықтың бостандық туралы ғасырлық армандарын жүзеге асырды. Халық алғаш рет өз мәдениетін, тілін, сенімін, діні мен дәстүрін дамытуға мүмкіндік алды. Бүгінде республиканың әрбір азаматы өз тәуелсіздігін мақтан тұтады. Мұнда 130-дан астам ұлт өкілдері бір ғасыр бойы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеді.
Сабақ барысында оқушылар еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен танысты.