Мектебімізде болған дублер күні өз мәресіне жетті.

Осы күні 9-11 сынып оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырды. Бұл жауапты іс-шараға балалар көп дайындалды: олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Таңертеңнен бастап мектепте ерекше атмосфера орнады және мектептегі тәртіп жоғары деңгейде болды.
Мектеп директоры — Горбунов Александр есімді оқушы атқарды (11 «А» сынып)
Директордың орынбасары -Рысбек Абдулхамит есімді оқушы атқарды.
Қорытындылай кел дублер болған оқушылар жиналыс өткізіп, әр қайсысы өз пікірлерімен бөлісті және мұғалім болу тек қана қиын емес, қызықты екен деген ортақ ойға келді.