Әдістемелік орталығы

0

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» 8-11 сынып оқушыларының ата-аналарына «Ата-ана мен жасөспірім, табысты қарым-қатынас» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Іс-шараның мақсаты – отбасындағы балалармен табысты қарым – қатынас жасау үшін ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру.
Іс-шараны орталықтың әдіскері Баранбаева Айгүл Серікқызы ашып, ата-аналарға заманауи баланы тәрбиелеу мәселелерінде психологиялық-педагогикалық ағартудың маңыздылығын атап өтті. Ата-аналарға әдістемелік орталықтың аясында, «Психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттеріде» тегін консультациялар алу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.
Ата-аналар белсенді қатысып, жағымды әсерлерімен және пікірлерімен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *