17 ақпан 2026 жыл №3 қалалық емхананың «Жас толқын» орталығының гинеколог- дәрігері Түсіпбекова Д. мектебіміздің қыздарына дәріс өткізді. Мақсаты – жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы туралы түсінігін арттыру, жеке бас гигиенасын сақтау, ерте жүктіліктің және жұқпалы аурулардың алдын алу жолдарын түсіндіру, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.