Интернет-алаяқтық пен дропперлік фактілердің алдын алу мақсатында сынып сағаттарында түсіндірме жұмыстары
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында №39 кешкі (ауысымды) Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ-нің тапсырмасына сәйкес, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында интернет-алаяқтық пен дропперлік фактілердің алдын алу мақсатында сынып сағаттарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, 8-11 сынып білім алушыларына «Жеңіл ақшаның салдары ауыр» тақырыбындағы қысқаметражды фильм көрсетіліп, мазмұны бойынша талдау жұмыстары ұйымдастырылды.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, қаржылық қауіпсіздік және интернеттегі алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндірілді.



