«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарлама аясында 8 сәуір күні 11-сынып оқушыларына «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағатын ұйымдастырылды. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру. Сынып сағаты барысында: – жаңа Конституцияның негізгі баптары түсіндірілді; – адам капиталы білім, ғылым, инновацияны дамыту аясында тапсырмалар арқылы талқыланды; – жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру аясында оқушылармен пікір алмасу жүргізілді.



